«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу байқауы.
№50 сәбилер бақшасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігін өткізу аясында ортаңғы мен ересек топтар арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға балалар белсене қатысты. Бұл байқауға қатысқан балалар мадақтамамен марапатталды.