Біздің балабақшада Наурыз мейрамын он күн тойлауды дәстүрге айналдырып отырмыз.Наурыз мейрамын тойлау іс-шарасы он күнге жо парланған.Наурыздың бірінен бастау алған меркелік шаралар барлық топта,ұжымда,жеке маман арасында санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде.Оған сәйкес 10 күннің әрқайсысын бір мазмұнды шараға арнау көзделген. Мәселен, 14-і көрісу күні болса, қалғандары отбасылық құндылықтарды құрметтеуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндемек. Бір күн игі істер атқарып, қайырымдылық жасауға, тағы бір күн тазалыққа арналса, басқа бір күні ұлттық тағамдар әзірлеу мен қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сағаттарын, жарыстар ұйымдастыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ үлкендерге сәлем беріп, туған-туысқа сыйлық тарту сияқты игі дәстүрлер енгізілді.
