Сюжеттік рөлдік ойындар.
Ортаңғы "А" тобының тәрбиешісі Мейрамгүл Канжилхан балаларға сюжетті-рөльдік ойындар ойнату барысында.Ойын- мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі. Балалардың ойын іс әрекетінің бір түрі сюжеттік-рөлдік ойындар. Олар мектеп жасына дейінгі балаларға тән ойындардың негізгі қорын құрайды. Балаларда сюжеттік-рольдік ойын барысында:-Өзін еркін сезінеді.
-Ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады.
-Сезіну,қабылдау,ойлау,қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
-Баланың сөйлеу қабілете арта түседі, сөздік қоры молаяды.
