Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
224245, 87057074063
Мекенжайы: Шокин к.96/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 13.00-17.00
"Судағы қауіпсіздік ережелері"
02-08-2023 10:39

Балабақшамызда бүгін балаларға және ата -аналарға арналған "Су маңындағы қауіпсіздік " атты кеңес берілді .Қазір міне суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен дария жағалауына жібермеу қажет екенін ескертеміз!. Алайда, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға байланысты. Суға батып кетушілердің санын арттырып тұрған статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн?Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
- Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар. - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. - Суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз. - Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз. - Техникалык ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.