Сенім телефоны
62-97-48
email: yassad@yandex.ru
Мекенжайы: Молодежная, 25
Басшасы: 31-83-47, Бухгалтерия: 65 -31-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі: 16.00 - 18.00, бейсенбі: 8.00 - 9.00
Дүниежүзілік ауқымдағы көрме
30-10-2017 05:17
Дүниежүзілік ауқымдағы көрме

Біздің еліміздің бас қаласы Астанада көптен күткен- Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өтті. Балабақшада «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына байланысты орасан зор жұмыс атқарылды. Көрмеге арналған, ата-аналар мен балалармен жұмыс істеу жоспары жасалды.
Айтарлықтай, біздің еліміз үшін бұл маңызды іс-шара болып табылады.
Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне Франция, Великобритания, Испания, Япония, Қытай сияқты елдер қатысты. Бүгінгі күнде көрмені біздің елде өткізу жас мемлекеттің халықаралық беделдігі жоғары екенің көрсетіп, сонымен қатар әлемдік аренада біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың рөлі орасан зор деп айтуға болады.
Бірінші рет біз бұл сөзді естіген кезде балалармен әңгімелесу барысында, сабақ барысында түсінуге тырыстық. Осы тақырыпқа біз конкурстар өткіздік, презентациялар жасадық, осы іс-шара символына сурет салып, панно жасадық, бұл не үшін керек деген сұраққа жауап бердік. Біздің мемлекетімізге бұл іс-шараның қаншалықты маңызды екенің қазір түсіндік. Әлемдік қоғамдастық Қазақстанда Астана қаласында Дүниежүзілік көрме 2017 өткізуге сеніп тапсырғандары таң қаларлық іс емес.
Біз де шет қалған жоқпыз. Біздің балабақшаның ұстаздары ЭКСПО көрмесіне барып қайтты. Бұл көрме әр ұстаздың жүрегінде өшпес із қалдырды.