Сенім телефоны
62-97-48
email: yassad@yandex.ru
Мекенжайы: Молодежная, 25
Басшасы: 31-83-47, Бухгалтерия: 65 -31-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі: 16.00 - 18.00, бейсенбі: 8.00 - 9.00
Олимпиядалық резерв
30-10-2017 06:03
Олимпиядалық резерв

Қыркүйектің аяғында балабақшада «Олимпиядалық резерв» атты спорттық іс-шара өткізілді.
Сайысқа балабақшаның «Олимпиядалық қонжық» және «Факел» атты екі команда қатысты. Қатысушылар женеміз деп келгендері көрініп тұр: алдын –ала девиз бен шумақты ұран, эмблема дайындапты.
«Қасиетті от» атты бірінші сайысқа әр командадан 6 адам қатысты. Балалар қолдарына «Факел» ұстап өздерінің эстафеталық участкелерінен өтті. Бірінші конкурста «Олимпиядалық қонжық» командасы жеңіске жетті.
«Тоннель арқылы өрмелеп жүгіру» конкурсында қатысушылардан жылдам жүгіру өнері ғана емес, шапшандылықтары да талап етілді.Осы конкурста «Факел» командасының қатысушылары жылдам болды.
«Шеңбермен допты домалат» конкурсында әр командадан 6 адамнан қатысты. Жүргізушілер өте жиі өз доптарынан айырылып қалып отырды, осыған қарамастан балалар берілген тапсырманы орындай алды. Осы сайыста «Факел» командасы жылдам болды. Келесі конкурстын нәтижесін қатысушыдан қатысушыға жинақтады. «Команданың ұзындыққа секіру» конкурсы барлығын таң қалдырды.
Сайыстын нәтижесі қорытынды эстафетада белгілі болды. Командалар адал шайқасты.
Жеті конкурстын қорытындысы бойынша «Олимпиядалық резерв» атты спорттық іс-шарада
достық өз жеңісіне жетті.
Командалар құрмет грамоталарымен марапатталды. Барлық команданың қатысушылары тәтті сыйлықтар мен ескерткіш медальдармен марапатталды.
Іс-шара жоғары эмоционалдық деңгейде өтті.