2020 жылы 11 қараша күні онлайн режимінде лингвистика бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Облыстан 9-10 сыныптарынан 49 оқушы қатысты. Павлодар қаласынан №2 ЖОМ, №14 ЖОМ, №39 ЖОМ-нен филология білімдері үздік және лингвистика ғылымына қызығушылық танытатын, қалалық олимпиада жүлдегерлері қатысты.
Лингвистика олимпиадасының мақсаты – тілдерді білуге, тілдік әртүрлікке,жасөспірімдердің логикалық ойлау дағдыларына ықпал ету және оны шығармашылықтарында қолдану.
Қатысушылар туыс тілдердің салыстырмалы грамматика біліміне тапсырмалар орындады.олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға №14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Богомолова Дарья ие болды. Дарья қалалық ғылыми жобалардың, қашықтықтан халықаралық олимпиадаларының жүлдегері және жеңімпазы. (2018, 2019ж).