Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"М.Жүсіп оқулары" қорытындысы
19-11-2020 17:35

2020 жылы 18 қарашада Павлодар  қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы» «МәшһүрЖүсіп» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Байқау мақсаты – өскелең ұрпақты халық шығармашылығы негізінде, ұлы ақынның рухани мұрасы арқылы тәрбиелеу, өңіріміздің мәдениет, әдебиет майталмандарының шығармашылығын зерттеу.

Байқауға қаланың 28 жалпы білім беру мектебінен 63 үміткер қатысты.    Қалалық байқауда 17 оқушы жүлделі орын алды.

            «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»  бағытында  І дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Егинбай Аяжан, ІІ дәрежелі дипломмен Қ.Бекқожин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Орымбай Шынболат, №20 ЛМ 11 сынып оқушысы Байжанқызы Дамира, ІІІ дәрежелі дипломмен № 33 ЖОМ  10 сынып оқушысы Жолдаспаева Сабина иеленді.   

            «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»    бағытында  І дәрежелі дипломмен Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Мусина Толғанай,  М,Әуезов атындағы ЖОББМ  9 сынып оқушысы Анисимова Анна,   ІІ дәрежелі дипломмен №6 ЖОМ 8 сынып оқушысы Рыбаков Тимур, №29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Рыскидинова Жасмин, ІІІ дәрежелі дипломмен  № 35 ЖОМ  8 сынып оқушысы Жанабаева Айдана, №37 ЖОМ  9 сынып оқушысы Кали Гульназ марапатталды.  

 «Білімді зерек адам болам!» десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»  бағытында І  дәрежелі диплом иегері   № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы  Балгабаева Бахытгуль, ІІ дәрежелі диплом иегері   № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Арықпан Дильназ,  ІІІ дәрежелі диплом иегерлері № 20 ЛМ 9 сынып оқушысы  Апушева Дина,  Қ.Бекқожин атындағы  ЖОМ 11 сынып оқушысы Камиева Сабина, Б.Момышұлы атындағы   ЖОМ 11 сынып оқушысы   Калдыбекова Малика  марапатталды.

«Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»  бағытында  І  дәрежелі дипломмен  № 19 ЖОМ  8 сынып оқушысы Қайіргелді Ерасыл,  IІ дәрежелі дипломмен № 38 ЖОМ 9 сынып оқушысы Ақтан Әділет, IІІ дәрежелі дипломмен №21 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ғинаят Аяжан.

          Қала  байқауының бағыттары бойынша жеңімпаздары 26 қарашада өтетін  облыстық кезеңде қала абыройын қорғайды.