11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша XIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің нәтижелері

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында қашықтық форматта 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша XIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Олимпиадаға қалалық кезеңнің жеңімпаздары: № 2 ЖОМ оқушысы Қанат Ғасыр, № 9 ЖОГМ оқушысы Байдильдин Темір, № 26 ЖОМ оқушысы Романова Анита, № 28 ЖОМ оқушысы Полещук Юлия, № 34 ЖОМ оқушысы Сатлаева Юлия қатысты.
Президенттік олимпиада өңірлік турының нәтижелері бойынша Байдильдин Темір (№ 9 ЖОМ) және Сатлаева Юлия (№ 34 ЖОМ) іріктеу кезеңінде қала намысын қорғайтын 20 үздік қатысушы құрамындағы командаға кірді.