Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы
23-11-2020 15:37
Жалпы  білім беру пәндері бойынша  ғылыми  жобалардың  облыстық  іріктеу кезеңінің қорытындысы

8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы  білім беру пәндері бойынша  ғылыми  жобалардыңқашықтық қалалық кезеңініңжеңімпаздары мен жүлдегерлері  іріктеу  турдан өтті.

Облыстық қашықтық іріктеу тур   2020жылдың 2-14 қараша аралығында өтті. Оқушылардың  ғылыми жоба конкурсына   Павлодар қаласының 32 жалпы  білім беру мектептерінен 114  оқушы қатысты, 19 секция бойынша 114 зерттеу жұмыстарын ұсынды. Ең көп жобалар болған секциялар қоршаған ортаны қорғау  (14), физика (11), өлкетану,тіл білімі ағылшын тілі (9), этномәдениет , тарих  (8)

Оқушылар жобаларын жоғарғы оқу орындарының оқытушылары бағалады, әрбір жұмысқа сараптама қорытындылары жазылды. Қалалық  кезеңнің   114 жеңімпазының 59 жобасы  облыстық турға жіберілді  № 16 (2), № 20 лицей- мектебі (1),  № 1 (2), 7 (2), 11 (2), К.Бекхожин (1),  17 (5), 19 (1), 21 (5), Б. Момышұлы (3), 25 (7), 26 (1), 27 (3), 29 (4), 30 (1), 34 (1), 35 (3), 36 (1), 37 (6), 39 (1), 40 (1), 41 (3), КЖОМ (2), ЖЖОМ (1) .

            COVID  - 19 короновирустық  инфекцияны таратуды болдырмауға байланысты пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының  облыстық кезеңін  қашықтықтан өткізу жоспарлануда. Облыстық  кезең  23 –  30  қарашада өтеді.