Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5 – 6 сынып оқушыларына арналған I Республикалық олимпиада қалалық кезеңінің қорытындысы
23-11-2020 17:04
5 – 6 сынып оқушыларына арналған I Республикалық   олимпиада қалалық кезеңінің қорытындысы

2020 жылғы   20 қарашада   алғаш рет  5 – 6 сынып оқушыларына арналған  Республикалық   олимпиада   қалалық   кезеңі өтті. Пандемиеге  байланысты Олимпиада келесі 6 пән бойынша қашықтық   форматта өтті: математика, жаратылыстану ,  қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, Қазақстан  тарихы.

Олимпиада мақсаты – шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға көмектесу, дарынды балаларды  айқындау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға  қатысуға дайындық, білім беделін көтеру .

Олимпиадаға  қаланың 39 жалпы  білім беру мектептерінен 435  оқушы қатысты.Оның  206оқушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды(I-12, II–73, III–121).

2020  жылғы 9 желтоқсанда өтетін облыстық кезеңде  (республикаға теңестірілген), қалалық кезеңнің жеңімпаздары  қатысады, олар: №24 ЖОМ Лемешинский Артем, №39 ЖОМ Байгужинов Рамиль, №2 ЖОМ Пердебай Айнұр, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ Хамитова Амина, №14ЖОМ Гузеев Матвей, №37 ЖОМ Рахымұлы Ахмет, №38ЖОМ Алькеева Дильназ, №16 лицей-мектебі Родителев Евгений, №2 ЖОМ Сатенова Данель, №36 ЖОМ Мусина Дамели, №29ЖОМ Жансеитов Алишер, №9ЖОМ  Имангулов Аргын.

II дәрежелі Дипломдармен марапатталған оқушылар:  № 1(3) ,4 (2), 5, 6,7, 9(2), 11(2), 12(2), 13, 14(2), 16(3), 17 (4), 18, 19 (5), 22(2), 23(3), 24(4), 25(4), 27(3), 28, 29(4), 33, 34, 36 (3), 37, 38, 39(2),40, 41  (2), 42(2),43, ЖЖОМ, КЖОМ (3).

III дәрежелі Дипломдармен марапатталған оқушылар:  № 1(5), 2 (10), 4 (2),5, 6(6), 7, 9(4), 11(4), 12(3), 14(3), 16 (2), 17(4),18 (3), 19(2),21(2), 22(4), 24(3), 25(4), 26 (3), 28(3), 29(5), 30(3), 33(6), 34(8), 35(4), 36(2), 37(6), 38,  40 (2),41(6), 42(4), 43(2),ЖЖОМ, КЖОМ.