Байқау ұйымдастырушылары - Павлодар қаласы білім беру бөлімі,«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы байқау қатысушыларына қазақстандық авторлар мен композиторлардың өлеңдері мен құралдық шығармаларын орындаған бейнеролик жазуды міндеттеді.
Байқау қатысушыларын тақырып және жанр орындауында шектеу қойған жоқ, себебі байқаудық басты мақсатықазақстандық авторлар мен қазақстандық музыканың беделін көтеру. мәдениетті насихаттау және еліміздің мәдени мұрағатына қызығушылығын қайта дамыту. Байқауға қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.Кейбір нөмерлер мен бірегей таңдалған өлеңдердің өзгеше орындалғанын атап өткім келеді. Ш. Қалдаяқов және біздің Павлодарлық автор Нұрлан Есембаевтың өлеңдері орындалды. Бейнеклип форматында түсірілген роликтер жоғары бағаланды.
Орындар келесі үлгіде берілді:
III орын – Хавалхаг Газиз –№38 ЖОМ, Иванченко Дарья, Сухоносова Алиса –№9ЖОМ
II орын - Қабыл Нұрай №37 ЖОМ; Қаиржан Әлия , Қаиржан Аида Дуэт №30ЖОМ.
Iорын- Кобылаш Илья №9ЖОМ