Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодарлық оқушылардың экология бойынша республикалық олимпиадағы табысы
29-12-2020 09:44
Павлодарлық оқушылардың экология бойынша республикалық олимпиадағы табысы

22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының "Baytaq El" экология бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына Қазақстан өңірлерінен 9 – 11 сынып оқушылары  арасынан  17574 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласынан 112 оқушы қатысты. Мақсаты-оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экология саласындағы заманауи үдерістер туралы білім алушылардың түсінігін кеңейту, тіршілік ету ортасының, тірі табиғаттың, денсаулықтың жағдайын жақсарту туралы танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.

       Тест тапсырмалары жалпы экология, геоэкология, адам экологиясы, жаһандық экология, табиғатты қорғау, табиғатты пайдалану, медициналық экология, өнеркәсіптік экология бойынша әртүрлі білім салаларында 30 сұрақ түрінде ұсынылды. Экологияның негіздерін зерттеу өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және оның сапасын жақсартудың қажетті шарты болып табылады. Барлық тапсырмалар бойынша ең жоғарғы  60 ұпай  болды, орындау уақыты екі астрономиялық сағаттан аспады.

          Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы білім беру  мектептерінің оқушылары 111 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І орын - 36 , ІІ орын - 42 , ІІІ орын - 33 . Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Дарын"орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

           9 сынып оқушылары арасында І орынды келесі мектеп оқушылары иеленді № 1 (1), 11 (1), 17 (1), 20 (1), 21 (1), 34 (6), № 16 лицей-мектебі (6), 43 (1) мектебінің оқушылары ,10 сынып оқушылары арасында № 5 (1), 11 (1), 17 (8), 43 (1), № 9 (3) мектеп-гимназиясының  оқушылары, 11 сынып оқушылары арасында № 28 (1), 43 (1), № 20 мектеп-лицейі (2).

          9 сынып оқушылары арасында ІІ орынды келесі мектеп оқушылары иеленді №11 (5), 14 (1), 16 (1), 20 (3) 24 (1), 34 (1), 36 (1), 39 (2), мектеп-лицейі № 16 (1), 20 (3), 10 сынып оқушылары арасында  № 9 (2), 11 (1), 17 (4), 41 (4), Әуезов атындағы (2), Қ. Мақпалеев (1), 11 сынып оқушылары арасында №1 (1), 33 (1), 34 (2), 41(1), 43 (3), № 20 мектеп-лицейі (1).  

        9 сынып оқушылары арасында ІІІ орынды  келесі мектеп оқушылары иеленді № 5 (1), 11 (5), 17 (2), 24 (1), 26 (1), 34 (1), 39 (2), 10 сынып оқушылары арасында - Қ. Мақпалеев атындағы мектеп оқушылары (1), № 5 (2), 11 (1), 14 (1), 25 (1), 28 (1), 33 (1), 41 (2), № 20 мектеп-лицейі (6), 11 сынып оқушылары арасында - Қ. Бекхожин атындағы мектеп оқушылары (1), № 43 (1), № 20 мектеп-лицейі (2).