Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қоршаған ортаны сақтау үшін жас экорепортерлер
06-01-2021 15:32
Қоршаған ортаны сақтау үшін жас экорепортерлер

       Павлодар қ аласы  білім беру  бөлімі    "Павлодар дарыны"  бос  уақытты   қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 5 қаңтарда "Жас экорепортер"қалалық    қашықтық байқауы өткізілді. Мақсаты - экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын түсіну, оқушылардың назарын экологиялық    мәселелерге   аудару. Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептердің № 17, 21, 35, 39, 40, Қ. Мақпалеев атындағы ,Жетекші , № 20 мектеп-лицейінің 9-11 сыныптарынан 15 оқушы қатысты .

         Конкурсқа қатысушылар экология және табиғатты қорғау бойынша "Елімізде табиғатты қорғау", "Менің қаламда, менің экологиялық іс-шараларға қатысуым", "Қаламыздың экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары" атты бейнерепортаждарын ұсынды.

         Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 35 мектептің 11 сынып оқушысы Жаменкина Жұлдыз "Павлодар қаласындағы тұрғын үй - қалдықтар мәселесін шешу жолдары"бейнеролигі үшін  ие болды. Жұлдыз  өз репортажында Павлодардағы тұрмыстық қалдықтар мәселесін көтеріп, пластик ыдысты утельдеу  бойынша робот жасап шығарған   мектептің 10 сынып оқушысы Елтай Елнұрдан  сұхбат алды. . Жұлдыз осы өзекті тақырып бойынша әрі қарай жұмыс істеуге және оны шешу жолдарын іздеуге ниет білдірді.

          II орынды № 20 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Рыбин Данила иеленді. "Қоқыс мәселесі" атты бейнерепортажы  ол  өз ауданында ролик түсіріп  және өзі тұратын ауладан экология үшін күресті бастауды ұсынғанына өте сенімді болды.

          III орынды № 21 мектептің 9 сынып оқушысы Сарсенова Даяна және 10 сынып оқушысы Ибраева Дильназ иеленді. Даяна эко-ортаның адам денсаулығына әсері туралы мәселені көтеріп, осы екі фактордың тығыз байланысын көрсетті. Дильназ өз баяндамасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы маманнан сұхбат алып, "Экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары"тақырыбын талқылады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар "Павлодар дарыны"орталығының сертификаттарына ие болды.