Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар облысының жас математиктері
06-01-2021 15:53
Павлодар облысының жас математиктері

"Әл - Фараби" олимпиадалық даярлау орталығы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту    және балалардың дарындылығын дамыту   орталығымен    бірлесіп   математика   және  физика бойынша олимпиадалар   сериясын  іске қосты.

Павлодар    қаласы   мектептерінің 5-11 сынып оқушыларына арналған қашықтық олимпиада 2020 жылғы 6-31 желтоқсан аралығында өткізілді.

Олимпиадаға 1068 оқушы қатысты, оның ішінде математика бойынша - 844, физика бойынша - № № 1, 2, 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14, № 16 ЛМ, 17, 18, 19 ,21,  23 , 24, 25,26 , 27, 28, 29, 30, 31, 33,34, 35, 36,37, 38, 39, 41, 43, № 20 ЛМ , Қ.Мақпалеев атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы,

 М. Әуезов атындағы қала мектептерінен   224 оқушы  қатысты.

Олимпиада үш кезеңде өтті: 6 желтоқсан - жауап нұсқалары бар мәтіндік тур; 13 желтоқсан - жауап нұсқалары жоқ мәтіндік тур, онда жауап ретінде нөмірді енгізу керек, 1 турдан өткен адамдар қатысады; 20 желтоқсан - жазбаша тур, онда толық   шешім жазу керек, екінші турдан өткен оқушылар қатысады.

Олимпиаданың ерекшелігі-әр тур аяқталғаннан кейін қатысушылар бірден жауап алды. Мәтіндік турларда нәтиже бірден жарияланады. Сондай-ақ, балалар математикадан да, физикадан да олимпиадаларға қатыса алады, өйткені бұл олимпиадаларды өткізуге бөлінген уақыт сәйкес келмейді.

Математика пәні бойынша барлық жүлделі орындар - 14, оның ішінде екінші орын – 2  № 9, 17 мектептен , үшінші орын-8 № 7, 16, 17 (2), 29, 34, 38, 43 мектептен; физика пәні бойынша – 4 жүлделі орын, оның ішінде екінші орын – 3   № 17, 29, 34  қала мектептерінен, үшінші орын – 1 № 34 ЖОББМ.

Олимпиаданың қорытындыларын комиссия шығарды, көп ұпай  жинаған қатысушылар "Әл - Фараби"олимпиадалық даярлау орталығының II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

II дәрежелі дипломдармен № 9, 17(2), 29, 34 мектептерінен 5 оқушы марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломдармен № 7, 16, 17(2), 29, 34 (2), 38, 43 мектептерінен   9 оқушы марапатталды.