Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
8-11 сынып оқушылары арасындағы I қалалық гуманитарлық олимпиада
26-01-2021 16:02
8-11 сынып оқушылары арасындағы I қалалық гуманитарлық олимпиада

2021 жылдың 20-21 қаңтар аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты   қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  8-11 сынып оқушылары арасында I облыстық гуманитарлық олимпиаданың қашықтықтан  қалалық кезеңі өткізіледі.

        Мақсаты-оқушылардың оқу мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту, Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттыру. Олимпиада оқушылардың күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілеті, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білудегі жеке жарысы болып табылады.

Олимпиадаға Павлодар қаласының 36 жалпы білім беру мектептерінен 8-11 сынып 97 оқушылары қатысты.

Олимпиада екі турда өтті: I турда оқушылар 50 тест тапсырмаларын орындады (Қазақстан тарихы бойынша 25 сұрақ және Қазақ әдебиеті бойынша 25 сұрақ), орындалу уақыты - 60 минут. II турда оқушылар И.Есенберолиннің "Көшпенділер" трилогиясы бойынша ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазды»:

1. "Алмасқылыш" романында қазақ хандығының құрылуы: тарихи шындық, көркем шешім;

2. "Жанталас" романындағы Абылай хан бейнесі: тарихи тұлға және көркем образ;

3. "Қаһарман" романындағы халықтың тәуелсіздігі үшін күрес: тарихи-танымдық және эстетикалық мәні (орындалу уақыты - 90 мин).

          Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді.

33 оқушы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын - 4, екінші орын - 13, үшінші орын – 16.

I орын иегерлері № 2, 9, 19, 39 мектеп оқушылары. II орын иегерлері № 2 (2), 6 (2), 16, 17, 19 (2), 23 (2), 25, 28,35 мектеп оқушылары. III орын иегерлері     № 1, 6, 9, 11(2), Бекхожин атындағы, 19, 27, 28 (2), 33, 37, 39 (2), 41(2) мектеп оқушылары.

         Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" бос уақытты   қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың 4 ақпанында өтетін облыстық кезеңге өтеді.