Көрме-байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
Øанаға деген ризашылық пен құрмет сезімін тәрбиелеу;
Øбалаларды мәдени құндылықтарға баулу;
Øқатысушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін конкурстық түрде көрсетуге мүмкіндік беру.
Қатысушылар санаты:2-4 сынып оқушылары
Байқаудың тақырыбы: "Менің қымбат Анашым»
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу:
Байқау екі кезеңде өткізіледі:
1 – кезең-мектептік(іріктеу); конкурстың 2-кезеңіне қатысу үшін "Павлодар дарыны"БУҚБДДО іріктеу мектеп турының хаттамасын (сканерленген нұсқа) ұсыну.
2 кезең-қалалық сырттай тур, 2021 жылдың 5 наурызында өтеді;
Мектептен қалалық кезеңге үш шығармашылық жұмыс ұсынылады:
- 2-сынып қатарынан-қатысушының жұмысы (сурет және құттықтау);
- 3-сынып қатарынан-қатысушының жұмысы (сурет және құттықтау);
- 4-сынып қатарынан-қатысушының жұмысы (сурет және құттықтау).
Оқушыларға құттықтау (бейнеролик) және сурет (көркем, бейнелеу жұмысы) дайындау ұсынылады;әр қатысушыдан бір шығармашылық жұмыс қабылданады, ұжымдық жұмыстарға жол берілмейді.
Конкурсты өткізу мерзімі мен нысаны: Конкурс қашықтықтан өткізіледі. Өтінімдер мен жұмыстар(ФОТО - 1 сурет) және 1 (бір) бейнеролик 2021 жылғы 22 ақпан мен 2 наурыз аралығында мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: Е-mail:czdt2008@mail.ru, қағаз және электронды нұсқалар, директордың мөрімен және қолымен расталған.
Командаларды марапаттау:жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі "Павлодар дарыны" БУҚБДДО дипломдарымен марапатталады.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" БУҚБДДО сайтында және инстаграмм сайтында нәтижелер жарияланады.