Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-байқауының қалалық кезеңі байқауының қорытындылары.
25-03-2021 14:04
«Театрдың  ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-байқауының қалалық кезеңі байқауының қорытындылары.

        Павлодар қаласы білім  беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 25 наурызда «Театрдың  ғажайып әлемі» театр өнері  республикалық фестиваль-байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

        Байқау мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, жеке тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

        Конкурсқа қаланың  № 17, 28, 29     мектептерінен 17   оқушы қатысты. Фестиваль-конкурс төрт номинация бойынша өтті: «Драмалық қойылым», «Музыкалық қойылым» (опера, оперетта, музыкалық, балет, би) спектакль және т.б.), «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры».

"Драмалық спектакль" номинациясында 8 қатысушыдан тұратын Дамир Өскембаев, Диас Шаисмаилов, Гүлназ Әлімбетова, Динара Смағұлова, Ламия Ташенова,Алиша Кабзулова, Сара Көпжасар, Райымбек Шаймерденов № 29 мектептің «Новое поколение» театралдық  ұжымы  І дәрежелі дипломмен  марапатталды.

Олар «Аққулар ұйыктағанда»пьесасын орындады, жанрлық бағыты - драмалық, шығарманың авторы - Мұхтар Әуезов;

         II дәрежелі дипломмен  №17 ЖОМ  «Драм studio»театр ұжымы марапатталды, 5 қатысушы «Песочница»  пьесасын орындады, жанрлық бағдар - драмалық, шығарманың авторы - Махмудов Гозий; III  дәрежелі дипломмен  №28 мектептің "Diamond"  командасы марапатталды, жетекшісі - Баженова Жанна Манатқызы. «Домовята» театр шеберханасы 4 оқушы  Абай Құнанбаевтың «Қара  сөздері» («Он жетінші сөз») шығармасынан спектакль дайындады, жанрлық бағыты драмалық, көркем сөз қолданылды.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қалалық білім беру  бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.