"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 17 наурызда Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 13 - 17 жас аралығындағы оқушылары үшін «Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңін өткізді.
Мақсаты - дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Байқауға қаланың 14 мектебінен 78 қатысушы қатысты. Байқауға қатысушылар 9 қатысушыдан тұратын командалар құрып, Республикалық ережеде көрсетілген байқаудың 9 номинациясының бірі бойынша өз жұмыстарын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша 13 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды – 1 оқушы, ІІ орынды - 4 оқушы, ІІІ орынды - 8 оқушы иеленді.
І орынға Арина Шкленник (№20 мл) ие болды.
ІІ орын - № 28 ЖОМ, №29 ЖОМ, №20 МЛ оқушылары.
ІІІ орын - №7 ЖОМ, №28 ЖОМ, №34 ЖОМ, №20 МЛ оқушылары.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" БУҚБДДО – ның сертификатымен марапатталады»