Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Зияткерлік «Снейл-турнир» жеңімпаздары
13-04-2021 11:49
Зияткерлік  «Снейл-турнир» жеңімпаздары

           Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  Ресей Федерациясы Омбы  қаласының "Снейл" қосымша білім беру орталығымен ынтымақтастығы шеңберінде 2021 жылғы 7 сәуірде қашықтық форматта зияткерлік "Снейл-турнир"өтті. Байқаудың мақсаты - бастауыш мектеп пәндері-математика,орыс тілі, қоршаған орта, ағылшын тілі, дене шынықтыру   бойынша   шығармашылық    есептерді   шешу, ақпаратты іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру.

           Байқауға қаланың 17 жалпы білім беретін мектептерінен  1-4 сыныптың  307оқушысы қатысты, оның ішінде 22 оқушы мемлекеттік тілде оқиды. Байқау шарты бойынша ағылшын тілі топтамасында  грамматиканы білу, ребустарды болжау тапсырмалары енгізілді; дене шынықтыру топтамасында: әдемі қалып үшін тапсырмалар орындалды; орыс тілі топтамасында: дыбыстар саны әріптер санынан асатын сөздерді анықтау; математика топтамасында тапсырмалар логикалық ойлауға арналған; қоршаған әлем топтамасында ұсынылған тағам бойынша жануарды анықтау.

         Байқау қорытындысы бойынша "Снейл-турнир" жеңімпазы № 9 гимназия-мектебі анықталды, оның құрамында 1-сыныптың 20 оқушысы Бейсен  Әбілмансүр, Қаратай  Жанболат, Умарова Алима, Серикова Жансая,  Фрикин   Данил,2-сынып оқушылары Абылай  Азамат, Каир  Айзере, Жұматай Әдел, Денчик  Лилиана,  Бекбай  Әлішер, 3-сынып оқушылары Асланов Богдан, Левина Алина, Фулей Евгения,Правдивец Артем, Баклушева София, 4 сынып оқушылары Левкович Алена, Голубев  Михаил,  Байсмакова   Даяна, Сапруджиди   Камелия, Перепелица Данил.

           Қатысушылардың    электрондық    куәліктері тапсырмаларды орындағаннан кейін бірден автоматты түрде қалыптастырылып, қатысушылардың электрондық поштасына жіберілді.