«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай 2020-2021 оқу жылының 14-15 сәуір аралығында алғаш рет «Павлодар дарыны» БУҚБДДО қазақ тілі пәнінен «Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры» атты басқа ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушыларына арналған олимпиада өтті.
Негізгі мақсаттары:Қазақ тілі пәні бойынша білімдерін жүйелеу; Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау, мемлекеттік тілді оқуға басқа ұлт өкілдерін ынталандыру; Жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, еліміздің мәдени мұрасына құрметпен қарау және қоғамның тарихи жадысын байытып, сақтауға ықпал тигізу.
Байқау екі тур бойынша өткізілді:
I - тур:қатысушылар тест тапсырмаларын орындады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы екінші турға өтті.
II-тур: қатысушылар таңдалған тақырып бойынша қазылар алқасымен диалог құрастырды (өмірлік жағдаятқа байланысты, 5-7 минут).
Бірінші турға қаланың 21 мектебінен 134 үміткер қатысты. Ең жоғары ұпай жинаған оқушылар ІІ турға өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 18 мектептен 47 оқушы жүлделі орынға ие болды. Олардың ішінде І орын - 6, ІІ орын -11, ІІІ орын - 7.
Осы қатысушылар ІІ айналымда аузекі сөйлеу шеберлігін көрсетті.18 мектептен: №5 , №6, №9, №11, №14, №16, №17, л№20, №24, №26, №27, №29, №30, №34, № 36, №38, М.Әуезов ат.мектеп, №43 мектеп оқушылары қойылған сұрақтарға еркін жауап берді, сонымен қатар оқушылар да қазылар алқасына сұрақ қоя білді.
Барлық қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.