Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығыҚазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Халық әуені» қалалық ұлттық аспаптарда ойнау байқауын өткізді. Бейнеэкскурсияға Павлодар қаласының 5 - 7 сыныптары арасында жалпы білім беретін мектептердің 48 оқушысы қатысты.
Байқауға Павлодар қаласының 5 - 9 сыныптары арасында жалпы білім беру мектептерінің 38 оқушысы қатысты.
Байқаудың мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, Қазақстанның және онда тұратын халықтардың мәдени мұрасын насихаттау, туған жерге деген патриоттық сезімін және сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Байқаудың міндеттері-музыка және ұлттық өнер саласындағы таланттарды анықтау, балаларды шығармашылық және әлеуметтік маңызы бар іс – шараларға тарту үшін жағдай жасау.
Оқушылар домбыра, қобыз, жетіген, балалайка, баян және гитара сияқты ұлттық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетті, сондай-ақ аспаптың тарихын және халық фольклорындағы онымен байланысты аңыздар мен әңгімелерді айтып берді.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды № 25 ЖОББМ 6 сынып оқушылары Смағұлова Рамина мен Қанат Фариза алды.
ІІ орынды№ 5, 29, 38, № 20, Кенжекөл ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ оқушылары иеленді.
ІІІ орынды № 1, 2, 5, 7, 17, 18, 43, Кенжекөл ЖОББМ оқушылары алды.
Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және қатысқаны үшін "Павлодар дарыны" БУҚБДДО сертификаттарымен марапатталады.