Павлодарда дарынды балалармен әкімнің дәстүрлі салтанатты жиыны өтті, онда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және облыстық олимпиадалардың 41 жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Жиынға сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған қаланың 37 үздік мұғалімі шақырылды. Салтанатты шара өзен бекеті орнында «Сарыарқа жұлдыздары» теңіз круизі стилінде өтті.
Биыл мектеп оқушыларына арналған облыстық олимпиада онлайн режимінде прокторинг жүйесін қолданып өтті. Қала оқушыларының жетістіктері айтарлықтай болды: павлодарлық оқушылар 42 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын, 8 күміс және 24 қола. Қала әкімі Ержан Иманслямұлы оқушыларға арналған жолдауында қала мен облыстың білім беру жүйесіне қосқан зор үлестері үшін алғысын білдіріп, осы балалардың таланты мен қабілеті біздің қоғамның сұранысына ие болатынына сенім білдіріп, оқушыларға өз елінің патриоты болып қала беруін тіледі. Сонымен қала әкімі: «Біз өте ерекше уақытта, қоғамдағы жаһандық өзгерістер, ғылым мен техникадағы үлкен жаңалықтар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біздің қоғам мен мемлекет дамуының кең көкжиектері сіздерге алдағы онжылдықта ашық! Менің ойымша, сіздер лайықты ізбасарлар боласыздар және одан да күшті және гүлденген Қазақстанның қалыптасуына өз үлестеріңізді қосасыздар!»- деп атап өтті. Салтанатты шара барысында оқушыларды қала әкімінің құттықтау сөзімен, 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық сертификатымен және жеке стелалармен марапаттау рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, мұғалімдерге қала әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды, онда ұстаздарға жоғары кәсіби шеберлігі мен жас ұрпақтың рухани-интеллектуалды деңгейінің дамуына ризашылықтарын білдірді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне жиынға қатысушыларды түлектер - құрдастары, жүлдегерлері және өткен жылдардағы республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары құттықтады. Сонымен, Шайхин Бауыржан 2009 жылғы №39 мектебінің «Алтын белгі» түлегі өз жолдауында: «Сіздер сияқты мен де мектеп жасымда олимпиаданың белсенді қатысушысы, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері болдым. Бұл тәжірибе маған Берклидегі Калифорния университетіне оқуға түсуге және оқуға көмектесті. Өздеріңізге сеніңіздер, еңбекқор болыңыздар және ешқашан мақсатыңыздан таймаңыздар,»-деп бөлісті. Егінбаева Ақжан, «Алтын белгі» белгісінің иегері, Кенжекөл орта мектебінің түлегі география пәні бойынша қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері болды. Қазіргі таңда Ақжан Гумилев Л.Н.атындағы ЕҰУ-дің докторантурасында оқиды. Ақжан кездесуге қатысушыларды олимпиадалардағы жеңістерімен құттықтады: «Олимпиада - бұл әрқайсыңыз үшін жеке тұлғаны және интеллектуалды қабілеттерді дамытудың қуатты көзі. Мұндай жеңістер сізге күш пен қабілеттеріңізге деген сенімділік береді».
Оқушылар атынан жауап ретінде республикалық олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы Закиров Омар сөз сөйледі. Омар олимпиада қозғалысын қолдағаны үшін қала әкіміне барлық оқушылардың атынан алғыс айтты. «Бүгінгі жеңіс біздің жетістігіміз ғана емес. Ұстаздарымызға, ата-аналарымызға, сүйікті мектебімізге, бізді бағып-қағып, тәрбиелеп, қолдағандарыңыз үшін баршаларыңызға үлкен алғыс».
Іс-шара қайық саяхатымен аяқталды.