Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Бір қадам алға" жазғы қалалық онлайн – байқауы
24-06-2021 10:49

"Бір қадам алға" жазғы қалалық онлайн – байқауы.

          "Жазғы круиз" жазғы кешенді бағдарламасы аясында "Павлодар дарыны" балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығы 14 маусым мен 1 маусым аралығында "Бір қадам алға "жазғы қалалық онлайн – байқауын ұйымдастырды.

          Мақсаты – жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін іске асыру, би шығармашылығының мәдениетін дамыту. Байқауға Павлодар қаласының 14 жалпы орта білім беретін мектептерінің 5-11 сыныптарынан 65 оқушы қатысты.

          Байқауға шығармашылық, белсенді оқушылар қатысып, "Техно", "Диско", "Заманауи билер" би стилінде бейнероликтер жазды

          "Бір қадам алға" байқауының қорытындысы бойынша, "Заманауи би" номинациясы бойынша I орынды № 24 мектебінің командасы иеленді. Олардың билері шығармашылық және есте қаларлықтай, жарқын болып шықты және өзіндік ерекшелігімен қуантты.

          "Техно" номинациясы бойынша І орынды жетекші мектептің 5 сынып оқушысы Байсупинов Таңат иеленді. Өзінің бейнесінде ол электронды музыка стилі мен би өнерінің заманауи бағыттарын қалай меңгергенін көрсетті.

          "Диско" номинациясы бойынша І орынды №29 мектеп командасы иеленді. Өз бейнероликтерінде қатысушылар "Диско" стиліндегі билерімен 80-ші жылдарды мейілінше елестетті.

          "Заманауи би" номинациясы бойынша ІІ орынды №7, №17, №26 мектеп командалары иеленді

          "Техно" номинациясы бойынша ІІ орынды №16 мектеп командасы иеленді.

          "Диско" номинациясы бойынша ІІ орынды №43 мектеп командасы иеленді.

          "Заманауи би" номинациясы бойынша №2, №9 мектеп командалары ІІІ орын алды.

Конкурс жеңімпаздары қатысқаны үшін "Павлодар дарыны"ББУДДО-ның қатысқаны үшін ІІ , ІІІ дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.