2021 жылғы 20 қыркүйектен бастап 9 желтоқсанға дейін жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы" ғылыми - зерттеу жобаларының республикалық онлайн – конкурсы өткізіледі.
Мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекетті дамытуға бағытталған идеяларын танымал ету.
Байқауға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің зерттеу және шығармашылық жұмыстарын ұсынады.
Байқау шарттары бойынша жобаларды қорғау келесі бағыттар бойынша өтеді:
- ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметі арқылы Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерделеу;
- бірегейлік пен бірлік – қоғамдық келісімнің қазақ моделінің негіздері;
- қазақстандық патриотизм, ұлттық идеяны қалыптастырудағы Елбасының рөлі;
- Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық жолы мен моделі;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астананың қалыптасуындағы рөлі.
Байқау жеңімпаздарын ұйымдастырушы www.presidentlibrary.kz ресми сайтында жариялайды
Павлодар қаласының білім беру бөлімі