2021 жылғы 27 қыркүйекте сағат 10.00 – де онлайн-режимде IV Республикалық жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным"зияткерлік байқауының қалалық кезеңі өтеді.
Мақсаты-туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 9-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Конкурс екі турда өткізіледі:
І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеу;
ІІ тур 4 номинация бойынша өтеді.
1 Номинация - "Менің кіші отанымның тарихы", оқушылар елді мекеннің тарихын презентация, бейне-репортаж форматында ашуы тиіс.
2 Номинация - "Кіші Отан символы",оқушылар презентация, бейне форматында кіші Отанға деген сүйіспеншілік туралы әңгімелейді.
3 Номинация - "Менің кіші Отанымның болашағы"макет презентациясы форматында өтеді.
4 Номинация - "Менің туған өлкем", оқушылар өз елді мекендері туралы эссе жазады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқау қорытындысы бойынша I орын алған 4 қатысушы ағымдағы жылдың қазан айында облыстық турға қатысады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі