Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылдың 24 қыркүйегінде оқушылар арасында көптілді мәдениетті қалыптастырудағы Тәуелсіздік тақырыбына арналған "Тәуелсіз елім - ардақты атамекенім" атты қашықтық эссе-байқауы өткізілді.
Мақсаты - байқауға қатысушылардың туған жерге деген көзқарасын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығармашылық жазбаша жұмыс түрінде білдіру қабілетін анықтау. Байқауға қаладағы 25 жалпы білім беретін мектептен 9-11 сыныптардың 83 оқушысы қатысты. Байқау Google-disk платформасында онлайн режимінде өтті.
Онлайн конкурс қорытындысы бойынша 26 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 1, II орын -9, ІІІ орын - 16.
Байқау қорытындысы бойынша І дәреже 10 сынып оқушысы Жағыпбекқызы Зереге (ЖСОШ).
ІІ дәрежелі диплом № 7, 14, 16, 17, 18, 28, 35, 39, 43 қаланың мектептерінен 9 оқушыға берілді.
ІІІ дәрежелі диплом № 9, 11, 17 (2), ШЛ № 20 (3), 23, 35, 37, Қ.Мақпалеев атындағы, М.Әлімбаев атындағы, Кенжекөл орта мектебі (3), Жетекші ОМ қаланың мектептерінен 16 оқушыға берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарымен марапатталды.