Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың IV республикалық зияткерлік байқауының облыстық онлайн кезеңі туралы.
11-10-2021 16:42
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың IV республикалық зияткерлік байқауының облыстық онлайн кезеңі туралы.

2021 жылғы 11 қазанда сағат 09.00 – де онлайн-режимде   IV республикалық  жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным"зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған қалалық кезеңнің жеңімпаздары: Макарова Камила (№2 ЖОМ), Султанбеков Бекзат (№9 ЖОГМ), Готфрид Артур (№17 ЖОМ), Қайыргелді Ерасыл (№19 ЖОМ) қатысты.

Конкурс екі турда өткізілді:

Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша І тур – тестілеу;

ІІ тур 4 номинация бойынша өтеді.

1 Номинация - "Менің кіші отанымның тарихы", оқушылар елді мекеннің тарихымен таныстырып, бейне-репортаж форматында ашуы тиіс.

2 Номинация - "Кіші Отан символы", оқушылар таныстыру, бейне форматында кіші Отанға деген сүйіспеншілік туралы әңгімелейді.

3 Номинация - "Менің кіші Отанымның болашағы" макет таныстыру  форматында өтеді.

4 Номинация - "Менің туған өлкем", оқушылар өз елді мекендері туралы эссе жазады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысының білім  беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі