Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен "Парасатты ұрпақ-ұлт болашағы"эссе мен өлеңдер байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық сауаттылықты арттыру, адамгершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным негіздерін қалыптастыру, оқушылардың азаматтық бастамаларын дамыту.
Байқауға қаланың 22 жалпы білім беретін мектептерінен 6-11 сыныптардың 79 оқушысы қатысты.
Байқау шарты бойынша оқушылар "Парасатты ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында эссе мен өлең түрінде өз жұмыстарын ұсынды.
Эссе номинациясында :
I орын алғандар: № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Төрегелді Ақниет, № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Әли Гүлназ, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Демидович Николай, № 16 мектеп - лицейінің 7 сынып оқушысы Ахметова Камилла.
II орынды № 20 мектеп –лицейінің 11 сынып оқушысы Әбілмансурова Еркежан, № 1 ЖОМ 10 сынып оқушысы Билялова Айгерім, № 6 ЖОМ 8 сынып оқушысы Искакова Венера, № 26 ЖОМ 8 сынып оқушысы Нұрмұхамет Ерхан иеленді.
III орынды М. Әлімбаев атындағы 7 сынып оқушысы Сәрсенбай Жансая, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Қади Аружан, № 28 ЖОМ 9 сынып оқушысы Панкова Людмила, № 16 мектеп - лицейінің 8 сынып оқушысы Фомина Александра, № 34 ЖОМ 11 сынып оқушысы Пашков Богдан иеленді.
Өлеңдер номинациясында:
I орынды № 1 ЖОМ 6 сынып оқушысы Оразбек Расул, № 6 ЖОМ 8 сынып оқушысы Искакова Венера, № 14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Павина Анна, № 20 мектеп - лицейінің 10 сынып оқушысы Борецкая Диана иеленді.
II орынды Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Смаилова Дарина, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Ақажан Каусар, № 28 ЖОМ 7 сынып оқушысы Горкунова Анастасия, № 15 ЖОМ 8 сынып оқушысы Аманжол Ади иеленді.
ІІІ орынға № 1 ЖОМ 7 сынып оқушысы Майданов Руслан, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Мұхтарова Нурия № 15 ЖОМ 10 сынып оқушысы Угайнова Виктория, № 5 ЖОМ 8 сынып оқушысы Мажитова Аяжан, № 36 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ахмеджанова Алина ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны" орталығының дипломдарымен марапатталады. Үздік жұмыстар байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.