Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылдың 21 қаңтарында "Үлкен үзіліс - 2022" жобасының IV кезеңі «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» ұлттық киімдердегі балалардың фотоколлаждары өткізілді. Қаланың 20 мектебінен 5-9 сыныптың 440 оқушысы қатысты.
Байқаудың мақсаты басқа ұлт өкілдеріне толерантты қарым – қатынасты қалыптастыру. Өз жұмыстарында қатысушылар ұлттық киімдерін және олардың айырмашылық белгілерін көрсетті. Сондай-ақ сыныптың өмірінен алынған қызықты сәттерге дебаса назар аударды.
Ең көп ұпай жинаған мектептер келесі турларға өтті: № 5, 21, 23, 26, 28, 29, 32, 33,37, 38, 43, М.Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, КЖОМ. Қазылар алқасының шешімі бойынша № 17, 30, 31, 36, ЖЖОМ мектептер келесі кезеңге өтпейді.