Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Ақ шағала"республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері
14-03-2022 16:27

           М.М. Катаев  атындағы  Оқушылар сарайында  2022 жылғы 4 наурызда Павлодар облысының білім беру басқармасы, М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы ұйымдастырған қосымша білім беру мекемелерінің және қала мен облыстың білім беру мектептерінің хореографиялық ұжымдары арасында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының  облыстық кезеңі өтті.

       Байқаудың мақсаты:оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

         Байқауға 45 би ұжымы қатысты, бұл облыстың аудандары мен қалаларынан 270-тен астам қатысушы. Байқаудың қазылар алқасы: М.М. Катаев  атындағы  Оқушылар сарайы басшысының бейінді оқыту бойынша  орынбасары  Иманбекова Г. М, қосымша білім беру педагогы, «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының жетекшісі - Булич А. В, К. Әбусейітоватындағы  МОСО «Жасмин» үлгілі ансамблінің көркемдік жетекшісі -Н. Л. Лукьянова.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: халық биі және халық-стильдендірілген би, әлем халықтарының билері; қазақ биі, заманауи би, эстрадалық би, микс-би номинациялары бойынша өткізілді. Қазылар алқасы нөмірлердің алуан түрлілігін, костюмдердің жарықтығын, жеңіске деген ерік-жігерді, дайындықтың жақсы деңгейін атап өтті

«Халық биі»номинациясы бойынша қала мектептерінен жүлделі орындарға ие болды: 1 орынды «Шашу» қазақ биімен өнер көрсеткені үшін Қ.Бекхожин атындағы мектептің би ұжымы; 2 орынды - № 41 ЖОМ «Шашу» қазақ биі иеленді.

«Халықтық-стильдендірілген би»номинациясында 2 орын қазақ биін орындағаны үшін № 9 ЖОГМ «Dance Kids»ұжымына берілді; 3 орын – «Әлем халықтарының биі» номинациясында № 30 ЖОМ;

 № 1 ЖОМ "Өзбек биі" үшін 3 орынға ие болды.

«Эстрадалық би» номинациясында 1- орынды «Жирен мысық»биі үшін № 40 ЖОМ "Акварель"би ұжымы иеленді.

«Заманауи би» номинациясында2 орынды М. Әлімбаев атындағы ЖОМ заманауи биді орындағаны үшін, «Эйфория»  би тобы жеңіп алды.

Ансамбльге қатысушы дипломымен өзбек замануи биі № 1 ЖОМ ;

№ 24 ЖОМ «Тұмар» ұжымы; № 26 ЖОМ Микс биі –«Вдохновение» ұжымы марапатталды.