Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«БҮЛДІРШІН» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ XXII ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
07-04-2022 16:19
«БҮЛДІРШІН» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ XXII ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 1-7 сәуір аралығында "Бүлдіршін"мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХХІІ қалалық фестивалін қашықтықтан өткізілді. Мақсаты-мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу, жас таланттарды анықтау, мектепке дейінгі білім беруде көркем өнерпаздарды дамыту бойынша жұмысты жандандыру.

Фестивальге 47 балабақшадан № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 14, 18, 20, 21, 23, 25, 27, 28, 30, 31, 32, 33, 37, 38, 41, 42, 43, 44, 45, 48, 49, 51, 54, 79, 82, 84, 86, 93, 96, 102, 104, 111, 112, 115, 117, 120, 122, 126, Жетекші шағын орталығы 510 тәрбиеленуші қатысты.

Әр түрлі жастағы балалар қазылар алқасының назарына вокал, балалар оркестрі, хореография және көркем сөз сияқты төрт жанрдағы нөмірлерді ұсынды.

Лауреат  атанды:

Вокалдық жанрда балабақша нөмірлері: № 3 "Зацвіла в долині червона калина" композициясы үшін, № 23 - "Господа гусары", № 31 - "Модница",    № 33 – "Ата мен әже", № 51 – "Дочки и сыночки", № 82 - "Клоунята", № 96 - "Три  кита".

Хореографиялық жанрда: № 38 балабақша ұжымдары ("Боялған өрнектер"); № 42 ("Озорной оркестр"); № 51 ("Полетай со мной!"); № 93 ("Асатаяқ"),  № 96 ("Человечки сундучные "), № 120 ("Назқоңыр").

"Көркем сөз" жанрында балабақша тәрбиеленушілері: № 2 ("Шегіртке мен құмырсқа"), № 41 ("Муха-Цокотуха"), № 43 ("Қарға мен түлкі"), № 49 ("Телефон"), № 96 ("Жұртыма").

Аспаптық жанрда (балалар оркестрі) № 32 ("Clap-clap" Banda Caliente"); № 126 ("Весенняя капель") балабақша ұжымдары лауреат атанды.

"Бүлдіршін" фестивалінің қалалық кезеңінің лауреаттары фестивальдің облыстық кезеңіне 2022 жылдың 26 сәуірінде қатысады.