2022 жылы 20 сәуірде сағат 08.00-де № 35 мектебінде «Білімпаз» функционалдық сауаттылық бойынша қалалық зияткерлік байқау Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен өткізіледі.
Мақсаты – оқу, ғылыми - жаратылыстану және математикалық сауаттылыққа сүйеніп, кең көлемді есеп шешуде дағды мен іскерлігін, оқушылардың білімін тексеру, талантты және дарынды оқушыларды қолдау.
Байқауға қаланың жалпы білім беру мектептерінен 2 - 4 сыныптың оқушысылары қатысады.
Тапсырма 3 бөлімнен тұрады - оқу сауаттылығы, ғылыми- жаратылыстану сауаттылығы, математикалық сауаттылық (5 тапсырмадан). Тапсырма екі кезеңнен турады. Қорытынды оқыту тілі және әр қатар бойынша жасалады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі