Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 28 сәуірде Павлодар қаласында сағат 10.00 - ден 17.00-ге дейін робототехника бойынша "Менің роботым"қалалық олимпиадасы өткізіледі.
Олимпиадаға қаланың 29 жалпы білім беретін мектептерінен 5-11 сыныптардан 102 оқушы қатысады.
Мақсаты-қойылған мақсатқа жету үшін роботтарды бағдарламалау дағдыларын тексеру, ақпараттық-коммуникативтік және инженерлік-шығармашылық құзыреттілікті дамыту, робототехникамен, бағдарламалаумен айналысатын, стандартты емес ойлау қабілеті бар, конструктивті қызметке қабілетті дарынды оқушыларды қолдау.
Олимпиада үш бағыт бойынша өтеді:" Кегельринг квадро"," Робофутбол"," Лабиринт".
2 бағытта "Робофутбол", "Кегельринг квадро" жалпы білім беретін 26 мектептің 5-8 сынып оқушыларынан 33 команда бақ сынайды.
"Лабиринт" санатында жалпы білім беретін 10 мектептен 9-11 сынып оқушыларынан 10 команда қатысады.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» БУҚБДДО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі