Көптілділік бойынша облыстық олимпиада
2022 жылы 15 сәуірде «Торайгыров университет» КЕАҚ9-11 сынып оқушылары арасында көптілділік бойынша облыстық олимпиада өтті,онда 71 оқушы қатысты. Олимпиада екі турда өтті – жазбаша және ауызша.
Олимпиада қорытындысы бойынша 15 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды: – №2 орта мектептің 9 сынып оқушысы Қабду Айгерім және №17 орта мектептің 10 сынып оқушысы Мустафина Анель.