Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Гуманитарлық олимпиада бойынша Павлодар оқушылары білімдерін тексерді
29-04-2022 09:52
Гуманитарлық олимпиада бойынша Павлодар оқушылары білімдерін тексерді

2022 жылғы  28 сәуірде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 9 - 11 сынып оқушылары арасында III облыстық гуманитарлықолимпиаданың қалалық  кезеңі өткізілді.Олимпиада Павлодар қаласының № 38 НББМ (2), № 40 ЖОМ (2), Кенжекөл  ЖОМ (5), Жетекші ЖОМ (2)    ауыл мектептерінің 9-11сынып оқушылары үшін  өткізілді.

Мақсаты - оқушылардың  оқырман мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту,қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихына танымдық қызығушылығын  арттыру. Олимпиада екі турда  өтті  және    нақты материалдарға сүйеніп,өз пікірін қорытындылау іскерлігі,қиын тапсырмаларды шешуде өз білімдерін тексеруге арналған жарыс болып табылады.  I турда  қатысушылар     Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті бойынша 25 тест тапсырмаларына жауап берді,  II турда, оқушылар Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармабойынша  ұсынылған  тақырыптың біріне  эссе жазды: Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы Ұлпан образы  (нақты дәлелдермен талдаңыз); Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы Есенейдің образы (Есенейдің Ұлпанға дейінгі және онымен кездескеннен кейінгі сипатын нақты дәлелдермен талдаңыз); Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы қазақ өмірі   (шығармадағы сипатталатын тарихи кезең, оқиғалар, әдет-ғұрыптар, өмір сүру салты жайында талдау жасаңыз).

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері 5 оқушы, бірінші орын - 2, екінші- 2, үшінші- 1.

I орын иегерлері № 38 мектептің 9 сынып оқушысы Гульнара Жансаяа және 10 сынып оқушысы  Бегімбет Дарина,   II орын  № 40 мектептің 9 сынып оқушысы Тулеу Мадина, Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушысы Үйсепхан Мақсат,III орын – Жетекші ЖОМ 9 сынып оқушысы Сағли Тамерлан.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары  мамыр   айында   облыстық  олимпиадаға   қатысады.