Педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру, функционалдық сауаттылық бойынша "Білімпаз" қалалық зияткерлік конкурсына қатысуға дайындық сапасымен байланысты, дарынды балалармен жұмыста жаңа білім беру нысандарын қолдану бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің қызметін үйлестіру мақсатында 2022 жылғы 13 мамырда "Павлодар дарыны" орталығының базасында "Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған конкурстар мен олимпиадаларды дайындау және өткізу кезіндегі әдістемелік тәсілдер" тақырыбында семинар өтті.Семинар аясында келесі сұрақтар қарастырылды:
1."Білімпаз" функционалдық сауаттылық бойынша қалалық зияткерлік конкурс қорытындыларын талдау.
2."Білімпаз"конкурсын құрастырушылардың әдістемелік ұсынымдары.
3.Кіші мектеп жасындағы балалармен өткізілетін орталықтың іс-шаралар жоспарымен танысу.
Секциялар оқыту тілдері бойынша ұйымдастырылған. Қазақ тілінде оқыту секциясында модератор ф.ғ. к. Роза Дүйсенқызы Ашимбетова; "Өрлеу "БАҰО" АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ басшысы; орыс тілінде оқыту секциясында-ИдилупАйманТөлегеновна, "Өрлеу "БАҰО" АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, деңгейлік курстардың жаттықтырушысы, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаттықтырушы "Педагогика және психология "мамандығы бойынша магистр.