
2022 жылғы 27 мамырда сағат 15.00-де "Өрлеу "БАҰО" АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ базасында "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қала оқушыларын ғылыми-зерттеу қызметіне дайындауды жүзеге асыратын Павлодар қаласы мектептерінің мұғалімдері үшін қалалық семинар ұйымдастырылды.
Физика, техника; қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;тарих; химия, биология; өлкетану, этномәдениеттану; қоршаған ортаны қорғау, экология, валеология бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілігімен пәндік секциялар ұйымдастырылды.
Семинар бағдарламасында семинар ұйымдастырушыларының сөз сөйлеуі, қатысушылардың ашық тәжірибе алмасуы, озық ғылыми-әдістемелік технологиялармен танысу қарастырылған. Семинарға тек Павлодар қаласының мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар Екібастұз қаласы мектептерінің, медициналық жоғары колледжінің оқытушылары қатысты.