Оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі деңгейдегі беделді іс-шараларда облысты лайықты таныстырғандарды құрметтеу дәстүрге айналды. Бұл, өздерін интеллектуалдық қызмет саласында көрсете білген, республикамыздағы және одан тыс жерлердегі олимпиадалар мен конкурстарда өңірдің атын шығарған жас дарындар. Кездесу ашық диалог форматында өтті, оған халықаралық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар конкурстарының 34 жеңімпазы мен жүлдегерлері қатысты. Салтанатты іс-шара 2022 жылғы 15 маусымда № 25 мектепте Павлодар қаласының әкімі Асаин Куадыкович Байхановтың қатысуымен өтті.
Биыл оқушылардың облыстық олимпиадасы дәстүрлі форматта өтті. Қаланың құрама командасы 20 жылдан астам уақыт бойы "Үздік қалалық олимпиада командасы" атағын растап келеді және 31 медаль иегері болып табылады, оның ішінде 5 алтын, 14 күміс және 12 қола.
Қала басшысымен кездесуде олимпиадашылар қол жеткізген жетістіктер, болашаққа жоспарлар туралы айтып, оларды қызықтырған сұрақтар қойды. Қала әкімі өз сөзінде Балалар Жылында мектеп оқушыларын олардың жетістіктері үшін құрметтеу өте маңызды екенін атап өтті, өйткені балалардың бүгінгі жетістіктері елді болашаққа жетелейтін білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Республикалық олимпиадаларда оқушылар 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Облыс намысын республикалық деңгейде облыстық команда құрамында қала мектептерінің 12 оқушысы қорғады. Марапатталғандардың қатарында алтын медаль иегерлері Қазақстан тарихы бойынша № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сейтхазин Алмаз, құқықтану негіздері бойынша № 11 ЖОМ 11 сынып оқушысы Борецкий Богдан, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша, № 14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Рослякова Хава, орыс тілі мен әдебиеті бойынша № 29 ЖОМ 9 сынып оқушысы Яковец Анастасия, неміс тілі бойынша - № 39 ЖОМ 9 сынып оқушысы, Мартенс Мила.
Республикалық пәндік олимпиада да 7 оқушы алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. Қазақстан тарихы пәні бойынша №2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сейтхазин Алмаз және орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша №39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Вакулина Диана алтын медальмен марапатталды. Күміс медальға №11 ЖОМ құқық негіздері бойынша 11 сынып оқушысы Борецкий Богдан және география пәні бойынша №25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Әбілхан Әлімхан ие болды.
Қола медальдарға ие болғандар: физика пәні бойынша №7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Артықбай Ернар, биология пәні бойынша № 34 ЖОМ 11 сынып оқушысы Березина Дарья; құқық негіздері бойынша № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Нұрболат Аружан.
Біздің оқушылар халықаралық және республикалық ғылыми жобалар байқауларында алтын, күміс және қола медальдарын жеңіп алды. Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушысы Алпамыс Маджида физика секциясында Халықаралық және республикалық ғылыми жобалар байқауларында алтын және күміс медальмен марапатталды.
Информатика секциясында № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Юревич Семен және тіл білімі секциясында № 29 ЖОМ 9 сынып оқушысы Анастасия Яковец қола медальмен марапатталды.
№ 19 мектептің 9 сынып оқушысы Қайыргелді Ерасыл ІІ республикалық "Мәшһүр-Жүсіп оқулары" байқауында қола медальға ие болса, № 2 мектептің 9 сынып оқушысы Дюсембаева Томирис Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен республикалық олимпиадада қола медальға ие болды.
Іс-шарада оқушылар Павлодар қаласы әкімінің алғыс сөзімен және 100 мың теңге сомасындағы сертификатпен марапатталды.
Осы оқиғаға арнайы"Уақыт сандығы" дайындалды, онда кездесуге қатысушылардың барлығы болашаққа жазылған жолдауларды орналастырды.