«Әр қадаммен; өзіңе апарар жол» шағын футбол турнирі
2022 жылдың 7 – 20 маусым аралығында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және дарындылығын дамыту орталығы «Жайдарлы жаз» жазғы бағдарламасы аясында шағын футбол жазғы кубоктың өткізді. Мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді бос уақытын қамту. Турнир қала мектептерінің ықшам аудандарында 5 іріктеу кезеңнен тұрды. Жарысқа 6 – 10 сынып аралығындағы 29 қала мектептері қатысты: 1, 5, 6, 7, 14, 17, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 26, 29, 30, 36, 37, 34, 41, 42, 43, ШЛ №20, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, К.Бекхожин, М.Алимбаев, К.Макпалеев атындағы мектеп қатысты.
Финалда ЖОМ № 5 - «Иртыш» командасы , ЖОМ №18 - «Торнадо» командасы, ЖОМ №25 - «Атамекен» командасы,ЖОМ № 34 «Орлы» командасы ойнады.
«Үздік шабуылшы» номинациясы Горемыкин Кирилл №5 ЖОМ, «Үздік қорғаушы» Қизат Данат №25 ЖОМ, «Үздік қақпашы» Жарков Матвей № 34 ЖОМ номинациясына ие болды.
Жазғы кубоктың финалында №25 орта мектептің «Атамекен» командасы жазғы ауыспалы кубокты жеңіп алды.
Барлық финалистер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және дарындылығын дамыту орталығы орталығының дипломдарымен, «ауыспалы кубогымен» марапатталды.