Балалар жылына арналған "Жайдарлы жаз" жобасы аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі, "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 21 маусымда қалалық демалыс орталығында «Жазғы қоржын» қалалық шығармашылық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері- жас азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымына тәрбиелеу, жазғы кезеңде бос уақытты ұйымдастыру; балалардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту; қазақстандық салт-дәстүрлерді зерттеу және дәріптеу.
Байқауға № 2, 5,7,14,17,19,21,25,29,30,32,36,37,43 Қ.Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы 16 мектептен 96 оқушы қатысты.
Қатысушылар «Құйрық бауыр асату»,«Қырқынан шығару», «Тыштырма»,«Тұсау кесу» «Бесікке салу» «Келін түсіру» қазақтың салт-дәстүрлер туралы театрландырылған көріністер дайындады, халқымыздың мәдениеті мен әдет-ғұрыптары туралы айтып берді.
Байқау қорытындысы бойынша 8 жүлделі орын анықталды.
І дәрежелі дипломға Қ.Бекхожин атындағы ЖОМ «Ізбасар» командасы ие болды. «Тыштырма» дәстүрін Ақылбек Арна, Қалемшарив Сабыр, Қайден Думан, Каир Ақжарқын, Темірхан Феруза көрсетті.
ІІ дәрежелі Диплом №17 ЖОМ «АСЫЛ МҰРА» , №30 ЖОМ «Шаңырақ», №25 ЖОМ «Күншуақ» командаларына берілді.
III дәрежелі дипломмен №19 ЖОМ «Жұлдыз», № 21 ЖОМ «Алау», №29 ЖОМ «Жалын», № 5 ЖОМ «Бірлік», № 2 ЖОМ «Сикыршылар жасағы» командалық мектептері марапатталды.
№14, 32, 36, 43 мектептің,«Ең үздік ұлттық киім», «Сахналық шеберлігі үшін», «Үздік қойылым», «Өнерлі балалар» номинацияларымен марапатталды.