Елбасы Акдемиясы Корпоратифтік қорының өкілі мен Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының арасында пікірталас қозғалысын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қол қою рәсіміне «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының басшы міндетін атқарушысы А.Т. Кунанбаева мен Елбасы Акдемиясы Корпоратифтік қорының өкілі Жұмабай Мұрат және қала мектептерінің пікірталас қозғалысын дамыту бойынша жауапты ұстаздар қатысты.
Есенқұл Ақәділ Кенжебекұлының айтуынша, жыл басында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мектептерде пікірталас қозғалысын жандандыру туралы бастамасын қолдады. Бүгінгі таңда пікірсайыс клубтарын қолдау және дамыту қала мектептерінің тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.
«Жаңа көзқарас» атты дебат қозғалысының мектебінің жұмыс жөнінде ақпарат ұсынынды және «Оқушылар арасында пікірсайыс қозғалысын насихаттау зияткерлік ойлау дағдыларын дамытуға, ақпаратты талдауға және командада жұмыс істеуге, қызметтің әртүрлі салаларында сұранысқа ие мамандарды тәрбиелеуге кең мүмкіндіктер береді», - дейді Ақәділ Кенжебекұлы.
Айта кетейік, «Жаңа көзқарас» мектебінің дебат қозғалысының жетекшісі Есенқұл Ақәділ, Павлодар қаласының М.Әлімбаев атындағы мектептің тарих пәнінің ұстазы, осы қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі.