Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық семинар
21-09-2022 15:27
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

№ 7 мектеп базасында "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "Өрлеу "БАҰО" АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-мен бірлесіп 2022 жылдың 20 қыркүйегінде "Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша конкурстар мен оқуларды дайындау және өткізу кезіндегі әдістемелік тәсілдер"семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты-қазақ тілі мен әдебиеті бойынша қалалық конкурстар мен оқуларға қатысуға дайындық сапасымен байланысты  педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру, дарынды балалармен жұмыста жаңа білім беру формаларын қолдану бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қызметін үйлестіру.

Іс-шараны "Павлодар дарыны" орталығының басшысы Мұхаметжанова Ақмарал Люлятқызы ашты,мұғалімдерді қала мектептерінің қалалық, облыстық және республикалық конкурстарға, қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадалар мен оқуларға қатысуын талдаумен таныстыра отырып, қазақ тілінен негізгі конкурстар мен олимпиадалардың жылдық жоспары талқыланды. ЖОО ғалымдары: Елікпаев Серік Төлеубайұлы және Капасова Бахытгуль Касымбаевна оқулар мен конкурстардың бағыттары бойынша дайындықтың негізгі аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, алдағы "Ақберен"республикалық конкурсы бойынша ұсыныстар берді. Семинарға қатысушылардың барлығы үлестірме материалдар мен сертификаттар алды.