Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жоғары адамгершілікті, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік - құзыретті азаматты қалыптастыру болып табылады.
Слетке Павлодар қаласының 14 жалпы білім беретін мектебінен 5-11 сыныптардың 140 оқушысы қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды:
"Жемқорлықты өмір – Адал өмір" бейнеролигі, мектепке іргелес шағын аудан тұрғындарымен "Адал ұрпақ" ерікті клубының жұмысы.
"Жемқорлыққа қарсы – болашақ ұрпақ"тақырыбында театрландырылған қойылым байқауы.
"Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу" презентациясы - 2021-2022 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы есеп.
Қазылар алқасының құрамында Павлодар қаласы әкімінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Жанғазы Ермеғали Жұмабайұлы шақырылды.
Слет қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломды "KJK team" командасы Кенжекөл жалпы орта білім беретін мектебі жеңіп алды.Кенжекөл ЖОББМ командасы тапсырмаға шығармашылықпен қарады, бейнероликтерде олар халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді. Таныстыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық негізгі сәттері, сондай-ақ Кенжекөл мектебіндегі "Адал ұрпақ" клубының қызметі көрсетілді, 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары ұсынылды. Үгіт бригадаларының байқауында қатысушылар сыбайлас жемқорлық туралы өз шығармаларының әнін орындады.
2 дәрежелі дипломмен № 20 мектеп - лицейдің "Парасат" командасы және № 34 ЖОББМ "Превенция" командасы марапатталды. 3 дәрежелі дипломды № 26 ЖОББМ "Патриот", № 36 ЖОББМ "Адал", № 40 ЖОББМ "Әділдік жол" командалары бөлісті. № 1, 6, 7, 15, 18, 35, 28, 37 мектеп командаларына қатысу туралы сертификаттар табысталды. Кенжекөл жалпы орта білім беретін мектебінің "KJK team"командасы" Адал ұрпақ"V облыстық слетіне қатысады.