2022 жылдың қазан-мамыр айлары аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Halykradiosy "Ертіс медиа" ЖШС - мен бірлесіп "Қазақша үйренейік" - "Қазақша сөйлеуді үйренеміз" радиомектебін өткізеді. 6 ай ішінде радиомектепке № 9, 17, 18, 21, 23, 24, 26, 27, 28, 36, К. Мақпалеев атындағы, М.Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 8-сынып оқушылары қатысады
Байқаудың мақсаты-мемлекеттік тілді үйрену, қазақ тілін оқитын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.
Байқау шарты бойынша қатысушылар 2 апта бойы таңдалған тақырыппен жұмыс істейді: қазақ тіліндегі өлеңдер мен мәтіндерді үйренеді. Содан кейін 7 оқушы радиода тікелей эфирге шығады, басқа қатысушылар өз пікірлерін WhatsApp Halyk radiosy-ға жібереді.
Аталған кезеңде барлығы 14 сабақ өтеді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Павлодар қаласының білім бөлімі