Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жас экорепортер" қалалық экологиялық конкурсы
18-10-2022 17:03

Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 18 қазанда №7 ЖОМ базасында Қазақстан Республикасы күніне орай облыстық "Жас экорепортер" экологиялық конкурсының қалалық кезеңі  өткізілді. Байқауға қаланың 15 жалпы білім беретін мектебінен 8-10 сыныптардың 27 оқушысы қатысты.

Конкурсқа қатысушылар Павлодар қаласының экологиялық мәселелер  тақырыбында бейнерепортаждар ұсынды, онда статистика және проблеманы шешудің одан әрі үрдісі, сондай-ақ оларды шешудің заманауи жолдары келтірілді.

Байқауға қатысушылар келесі тақырыптар бойынша экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды ұсынды:

- Елдегі және менің елді мекенімдегі табиғатты қорғау;

- Менің экологиялық іс-шараларға қатысуым;

- Біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды №7 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ахметова Аяжан, № 30 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Айдын Айман, №28 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Леннов  Александр иеленді.

ІІ орынды №28 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Фирсюк Алина, №19 ЖОББМ 9 сынып оқушысы  Басов Данил, № 28 ЖОББМ Чубенко Анна, № ЖОББМ 29 Карнаухова Полина және Курган Никита, №40 ЖОББМ Ерқанат Айсұлу, №34 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Кананадзе Никита иеленді.

ІІІ орынды М. Әуезов атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Кучерова Виктория, 8 сынып оқушысы № 7 ЖОББМ Оразбай Әлібек, № 34 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Әубәкіров Ернар, № 35 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Әбен Еділ және № 39 ЖОББМ Масхут Тамирлан иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, қатысушылар - "Павлодар дарыны" БУҚБДДО сертификаттарымен марапатталды. Қалалық конкурстың I дәрежелі жүлдегерлері "Ертіс дарыны"өңірлік қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы конкурсының облыстық кезеңіне өтеді