Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
"Кітап - арқылы ашылған әлем" жобасы
20-10-2022 18:11

2022 жылғы 20 қазанда "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында және "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығының оқу жоспарына сәйкес М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп Павлодар қаласы мектептерінің 4 сынып оқушыларына арналған "Кітап арқылы ашылған  әлем" қалалық жобасының "Дәуір тудырған талант..." IІI турын өткізді.

Жобаның мақсаты-оқушылардың оқу іс — әрекетін, оқу қызметінің компоненттерін қалыптастыру; эмоционалды, эстетикалық және әдеби даму, сондай-ақ адамгершілік-этикалық тәрбие мәселелерін шешу, балаға оқу-еңбек, шығармашылық, жаңашылдық, өзін-өзі тәрбиелеу; оқырман болуға көмектесу.

Іс-шараға қаланың 22 жалпы білім беретін мектебінен 30 оқушы қатысты. Қатысушылар қазақ балалар жазушысы Жұмағали Саинның шығармасымен танысты. Үй тапсырмасы: қазақ балалар жазушысының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу. Өлеңдер жинағы берілді.