2022 жылғы 22 қарашада «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының базасында жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша «Химия» пәнінен ХІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.
Жасөспірімдер олимпиадасына Павлодар қаласының мектептерінен 4 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Құрмет грамоталарымен Павлодар қаласының Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Мұсылманбек Байнияз және № 39 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жупаненко Даниил марапатталды.