
Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 2 желтоқсанда Малайсары батыр атындағы мектепте Павлодар облысы әкімінің кубогына "Пікірсайыс алаңы" облыстық пікірталас турнирінің қалалық іріктеу кезеңі өткізілді.
І орынды № 7 ЖОББМ "Парасат" командасы иеленді.
ІІ орынды № 35 ЖОББМ "Барыс" командасы
ІІІ орынды № 2 ЖОББМ "Жігер" командасы, № 25 және М.Әлімбаев атындағы мектептің "Ерекше көзқарас" құрама командалары иеленді.
"Ең үздік спикер" номинациясы бойынша № 7 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Мағамет Жібекжан, "Үздік спикер" номинациясы бойынша Кенжекөл ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қамза Әбиба жеңімпаз атанды.
Сондай - ақ, командалар құрмет грамотасымен марапатталды: "Алаш" - № 17 мектеп, "Жас Алаш" - Ә. Бөкейхан атындағы мектеп.