Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
3-4 сынып оқушыларының математикалық олимпиадасы туралы
16-02-2023 16:15
3-4 сынып оқушыларының математикалық олимпиадасы туралы

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту  орталығымен 2023 жылғы 24 ақпанда сағат 14.00-де № 7 ЖОББМ (Жеңіс алаңы, 13) 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» қалалық математикалық олимпиадасы  өткізіледі.

Мақсаты - оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау.

Павлодар қаласы мектептерінің 3 - 4 сыныптарынан 203 оқушы қатысады.

Олимпиадалық тапсырмалар екі бөлімнен тұрады - 10 тапсырмадан тұратын тест тапсырмалары, әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай, жалпы ұпай  саны 50 ұпай және 10 тапсырмадағы олқылықтарды толтыру. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай, жалпы ұпай саны 50 ұпай беріледі.

Екі бөлімнің жалпы уақыты - 60 минут, қорытынды нәтиже - 100 ұпай. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.